Инструкция по эксплуатации АТЛАНТ СМА 50С82 приложение

Страница 25

Advertising
background image

25

KAZ

Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является

23 сурет

сүзгі

қақпақ

тұтқа

шланг*

ыдыс

тығын*

а)

б)

* Машина үлгісіне тәуелді жеткізілу жиынтығына кіреді.

Құбыршегінің болуы кезінде су жинауға арналған ыдысты 23а)

немесе 23 б) суретіне сәйкес орнатыңыз. Ыдыс биіктігі құбыршектің
машинадан шығатын саңылауынан төмен болуы тиіс. Содан кейін
құбыршекті машинадан аяғына дейін шығарып алыңыз. Құбыршектен
тығынын алып, суды ыдысқа құйыңыз.

Құбыршегі болмаса ыдысты машина қақпағының астына

орнатыңыз немесе ылғылды оңай сіңіретін материал қойыңыз.

Машина багінде судың көлемі көп болған жағдайда ағызу бірнеше

рет жүргізіледі.

Сүзгінің сабын 23 суретке сәйкес сағат тіліне қарсы айналды-

рып, сүзгіні шығарыңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сүзгі тұтқасын бұру кезінде судың

қалдығы ағуы мүмкін.

7.3.3 Сүзгідегі қоқысты жою, сүзгіні су ағынымен жуу.

7.3.4 Шлангке тығынды және сүзгіні кері бірізділікпен орнату.

Сүзгінің дұрыс орнатылуын және орнының бекітілуін тексеру. Сүзгі
қақпағын жабу.

8 СА Қ ТАУ Ж Ә Н Е ТАС Ы М А Л Д АУ Ш А РТ ТА Р Ы

8.1 Оралған кір жуғыш машинаны табиғи желдетілетін жабық,

қатысты ылғалдылығы 80 % аспайтын жайларда сақтаған жөн.

8.2 Егер машина ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса және жы-

лытылмайтын жайда сақталатын болса, машинадан суды толық
төгу қажет:

— машинаны қоректендіру бауының ашасын розеткадан шығара

отырып, электр желіден ажырату;

— құю шлангін су жіберу кранынан ажырата отырып, машинаны

суқұбыр желісінен ажырату;

— төгу шлангін канализациядан ажырату және оны алдын-ала

қойылған шлангте қалған суды төгуге арналған ыдысқа салу;

— 7.3.2-мен сәйкес сүзгідегі суды төгу және судың толық төгілуі

үшін машинаны аздап алдыға еңкейту.

8.3 Машинаны тасымалдар алдында қажет:

— машинадағы судың қалдықтарын 8.2-мен сәйкес төгу;
— машина багының зақымдануының алдын алу үшін, төлкелері

бар блоктау бұрандаларын орнату (3.1.2 қар. кері бірізділікпен).

8.4 Машинаны жабық көліктің кез-келген түрімен, оны сенімді

бекіте отырып, жұмыс күйінде (тік) тасымалдау қажет.

Тиеу-түсіру жұмыстары кезінде машинаға соққы жүктемелерінің

әсер етуіне

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

9 ЫҚТИМАЛ АҚАУЛЫҚТАР МЕН ОЛАРДЫ ЖОЮ ӘДІСТЕРІ

9.1 Тұтынушы жоя алатын ақаулықтар 3 кестеде көрсетілген.

9.2 Егер 3 кестеде көрсетілген ақаулықты өз бетімен жою

мүмкін емес болса, сонымен қатар, егер дисплейде

“F2”, “F3”,

“F4”,“F5”,“F6”, “F7”, “F8”, “F9”, “F10”, “F11”, “F12”, “F13”, “F14”,

“F15”, “F16” көрсетілсе, машинаны электр желіден ажыратып, суды

жіберу кранын жуып және сервис қызметі механигін шақыру қажет.

9.3 Сервис қызметіне хабарласу кезінде машинаның үлгісі мен

зауыттық нөмірін көрсету қажет.

9.4 «Аквастоп» (“F15” көрсетіледі) қорғаныс жүйесі іске

қосылғанға дейін машинадан судың аз мөлшері ағуы мүмкін.

1 0 Қ А Й ТА П А Й Д А Л А Н У

10.1 Машинаны орау үшін пайдаланылатын материалдар егер

екінші шикізатты қабылдау пункттеріне келіп түссе, қайта өңделіп
және қайта пайдаланыла алады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Балаларға орау материалдары-

мен ойнауға рұқсат бермеңіз, себебі үлдірге шатаса отырып,

тұншығып қалу қауіпі бар.

10.2 Қайта пайдаланылуы тиіс машинаны, қоректендіру бау-

ын кесіп және есік құлпының бекітпесін сындыру арқылы жарамсыз
жағдайға келтіру қажет. Елде қолданылатын заңнамамен сәйкес ма-
шинаны қайта пайдалану.

11 К Е П І Л Д І К Т І М І Н Д Е Т Т Е М Е Л Е Р Ж Ә Н Е

Т Е Х Н И К А Л Ы Қ Қ Ы З М Е Т К Ө Р С Е Т У

11.1 Машинаның пайдаланылуының кепілдікті мерзімі

3 жыл.

Пайдаланудың кепілді мерзімі сатылған күнінен басталады,

ал сату туралы белгі болмаған жағдайда — бұйымның зауыттық
нөмірінде көрсетілген жасалған күнінен бастап.

11.2 Кепілдікті міндеттемелер таратылмайды:

— жөндеуді сервис ұйымдары тізіміне енгізілмеген тұлғалардың

орындауы;

— бұйым қозғалатын көліктердің барлық түрлерінде

пайдаланылған уақытта;

— пайдалану жөніндегі нұсқаулықта мазмұндалған, орнату,

қосу, пайдалану ережелері мен қауіпсіздік талаптары сақталмаған
жағдайда;

— бұйымның және оның құрама бөліктерінің механикалық,

химиялық және термикалық зақымдануларына;

— экстремалды жағдайлардан немесе жеңілмейтін күш (өрт,

табиғат апаттары және т.б.), сонымен қатар, үй жануарлары,
жәндіктер мен кеміргіштер әсерінен туындаған ақаулықтар мен
зақымданулар.

11.3 Пайдаланудың кепілді мерзімінде машина жұмысы сапа-

сын тексеру ақысыз орындалады. Машинаны кепілдікті жөндеу үшін
жеткізу және оны жөндеуден кейін қайтаруды кепілдікті жөндеуді
жүзеге асыратын ұйымның күшімен және қаражатымен орындалады.

Егер тексеру нәтижесінде машинаның ақауы расталмаса,

көлік шығындарын иегері сервис қызметінің прейскуранты бойын-
ша төлейді.

Машинаны пайдалану талаптарын бұзу салдарынан кемшілік

орын алған жағдайда көлік шығындары мен жөндеуді иегері сервис
қызметінің прейскуранты бойынша төлейді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өндіруші (сатушы) бұйымды орна-

ту, қосу және пайдалану ережелерін сақтамаумен туындаған,

тұтынушының өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне

келтірілген зиян үшін жауапкершілік жүктемейді.

Тұтынушы, сатушы мен өндіруші құқықтары мен міндеттері

«Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңымен
анықталады.

11.4 Күллі қызмет ету мерзімінде машинаға техникалық

қызмет көрсету және жөндеуді сервис қызметінің білікті
механигі орындауы тиіс.

11.5 Машинаны орнату және электр желіге және

суқұбырына қосу бойынша монтаждау жұмыстары тұтынушы
есебінен орындалады.

11.6 Сервис қызметінің орналасқан орны туралы

мәліметтерді машинаны сатқан ұйымнан алған, сонымен
қатар, жеткізу жиынтығына кіретін сервис ұйымдары тізімінен
тапқан жөн.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сервис қызметі механигінен

машинаның қызмет ету кезеңінде орындалған барлық

жұмыстар бойынша 4 кестені толтыруын талап етіңіз

(67 бетті қар.).

Advertising