Инструкция по эксплуатации АТЛАНТ СМА 50С82 приложение

Страница 20

Advertising
background image

20

KAZ

Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является

3 сурет

4 сурет

панель

1.9 Машинаны пайдалану қажет:

— қоршаған орта температурасы (25 ± 10)

0

С және қатысты

ылғалдылық 75 %-дан артық емес жағдайда;

— суқұбыр желісіндегі қысым 0,05 бастап 1 МПа дейін;
— жиілігі (50±1) Гц ауыспалы тоқтың бір фазалы электр желісінен;
— ауыспалы тоқтың электр желісіндегі номинальды кернеудің

220-230 В диапазонында.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жайдағы температураның 0

0

С төмен

түсуі машинадағы судың қатуына және машинаның істен

шығуына әкеліп соғуы ықтимал.

1.10 Өндіруші машина конструкциясын ары қарай жетілдіру

және оның сапасын арттыру бойынша тұрақты жұмыс істей отырып,
оның негізгі техникалық сипаттамаларын өзгеріссіз сақтай отырып,
машинаның конструкциясы мен жиынтығына өзгертулер енгізуге
құқылы.

1.11 Қоршаған орта температурасы 0

0

С төмен жағдайда

тасымалдағаннан кейін машинаны электр желісіне қосар алдында
бөлме температурасында кем дегенде 24 с қоя тұрған жөн.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өндіруші (сатушы) пайдалану немесе оны

сақтау шарттарын бұзу, жеңілмейтін күш әсері (өрт, табиғат апатта-
ры және т.б.), үй жануарлары, жәндіктер және кеміргіштер әсері сал-
дарынан орын алған бұйымның ақаулықтары және зақымданулары
үшін жауапкершілік жүктемейді (оның ішінде, кепілдеме кезеңінде де)
.

2 Қ А У І П С І З Д І К ТА Л А П ТА Р Ы

2.1 Машина — электротұрмыстық аспап, сондықтан оны пай-

далану кезінде электрқауіпсіздіктің жалпы ережелерін сақтаған жөн.

2.2 Аспап физикалық, сезім немесе ақыл қабілеттері төмен не-

месе егер олар бақылауда болмаса немесе олардың қауіпсіздігі
үшін жауапты тұлғамен аспаптың пайдаланылуы туралы нұсқаулық
берілмеген болса, тәжірибесі мен білімі жоқ тұлғалардың (оның ішінде
балалар) пайдалануы үшін арналмаған.

Балалар аспаппен ойнауға жол бермеу үшін бақылауда бо-

лулары тиіс.

Балаларға машинаға шығуға, оның үстінде немесе оның

ішінде ойнауға рұқсат етпеңіз.

2.3 Электр тоғымен жарақаттанудан қорғаныс түрі бойынша ма-

шина І класына жатады.

2.4 Машинаны қосуға арналған жерге қосушы контактісі бар екі

полюсті розетка машинаны электр желісінен жедел ажырату үшін қол
жетімді жерге орнатылған болуы тиіс.

2.5 Машинаны электр желісіне қосар алдында көзбен қоректендіру

бауында зақымданулардың жоқтығын тексеру қажет. Бау иіліп және
қысылған болмауы тиіс.

Қоректендіру бауы зақымданған жағдайда оны алмастыруды,

қауіптің алдын алу үшін, өндіруші немесе сервис қызметі орында-
уы тиіс.

2.6 Сақтық шараларын машинаны жылжыту және тасымалдау

кезінде сақтаған жөн, себебі ол үлкен салмаққа ие.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Кір жуатын машинаға тұрмаңыз, ма-

шинаны тұғыр, тумба және т.б ретінде қолданбаңыз.

Машинаны оны атмосфералық әсерге қалдырмас үшін, жайдан

тыс орнатуға

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

3.1.2-мен сәйкес машинаны пластмасс тығындарды орнатусыз

пайдалануға

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қолыңызды, металл заттарды маши-

на астына салмаңыз айналып тұрған барабандарға қолыңызды

тигізбеңіз.

2.7 Машинаны суық сумен қамту машинасына қосу кезінде жеткізу

жиынтығына кіретін жаңа құю шлангін ғана пайдаланған жөн.

Машинада құрамында еріткіштер бар құралдарды пайдалануға

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ, себебі улы газдардың бөліну, машинаның

зақымдану, тұтану және жарылыс қауіпі бар.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Есік бекітпесі кронштейнінің

сынуының алдын алу үшін машинаның ашық есігіне сүйенбеңіз.

2.8 Жуу үрдісінде машина есігі шынысына жанасуға ұсынылмайды,

себебі ол қызады және күйік себебі бола алады.

2.9 Жуу аяқталғаннан кейін машинаны сөндіріп, оны ашаны ро-

зеткадан шығара отырып, электр желісінен ажыратып, және суды
жіберу кранын жабу қажет.

Электр және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ТЫЙЫМ

САЛЫНАДЫ:

— машинаны тоқтың асқын жүктелулерінен ақаулы қорғанысы

бар электр желісіне қосу;

— машинаны қосу үшін жерге қосушы контактісі жоқ розетка-

ны пайдалану;

— машинаны электр желісіне қосу үшін жалғастырғыш тетік, көп

орынды (екі және одан да көп қосу орындары бар) розеткалар және
ұзарту бауларын пайдалану;

— қоректендіру бауынан ұстай отырып, машинаны электр

желісінен ажыратыңыз;

— қоректендіру бауын розеткаға енгізу және шығару, жұмыс істеп

тұрған машинаға ылғал қолмен жанасу;

— машинаны су ағынымен жуу;
— өз бетімен жөндеу және машинаның конструкциясына және

оның су- және электрмен қамтамасыздандырылуына өзгертулер
енгізу, бұл машинаның маңызды зақымдануларына әкеліп және
кепілдікті жөндеуге құқықтарды жоя алады. Жөндеуді тек қана сервис
қызметінің білікті механигі орындауы тиіс, себебі біліксіз орындалған
жөндеуден кейін бұйым қауіп көзіне айналуы мүмкін.

2.10 Машина жұмысында электр тырсылының, тұтанудың

және т.б. пайда болуымен байланысты ақаулық орын алған жағдайда,
машинаны қоректендіру бауын розеткадан шығара отырып электр
желіден дереу ажыратып, суды жіберу кранын жауып, сервис қызметі
механигін шақыру қажет.

Өрт орын алған жағдайда машинаны дереу электр желіден ажы-

ратып, суды жіберу кранын жауып, өртті сөндіру шараларын қабылдап
және өрт қызметін шақыру қажет.

2.11 Машинаның қызмет ету мерзімі тұрмыстық жағдайларда

пайдаланған уақытта 10 жыл.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Машинаның қызмет ету мерзімі

аяқталғаннан кейін өндіруші бұйымның қауіпсіз жұмысы үшін

жауапкершілік жүктемейді. Ары қарай пайдалану қауіпті болуы

мүмкін, себебі материалдардың табиғи ескіру және машинаның

құрама бөліктерінің тозу салдарынан электро- және өрт қауіпі

бар жағдайлардың орын алу ықтималдылығы едәуір артады.

3 М А Ш И Н А Н Ы Ж Ұ М Ы С Қ А Д А Й Ы Н Д А У

3.1 ОРНАТУҒА ДАЙЫНДАУ

3.1.1 Машинаны орау материалдарынан босату (полиэтилен

үлдір, пенополистироль бөлшектер). Дисплейдегі қорғаныс үлдірді
алып тастау (болған жағдайды).

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Машинаны зақымдамас үшін 1 сурет-

пен сәйкес оның тартпасынан, есігінен немесе нығыздағышынан

ұстап тұрып жылжытпаңыз.

3.1.2 Машинаны тасымалдау үшін бак блоктау бұрандаларымен

бекітілген.

Төрт бұранданы гайка кілті көмегімен бұрап шығарып және 3 су-

ретпен сәйкес резина және пластмасс төлкелерді шығару қажет. Егер
төлкелер машина ішінде қалса және олар шықпаса, крест тәрізді
бұрағыш көмегімен 4 суретпен сәйкес артқы панельді шешіп және
оларды шығару қажет. Панельді орнына орнатыңыз. Тесіктерді жеткізу
жиынтығына кіретін пластмасса тығындармен жабыңыз.

Бұрандалар мен төлкелерді болашақта машинаны тасымалдау

мүмкіндігі үшін сақтап қойыңыз.

Advertising