Инструкция по эксплуатации АТЛАНТ СМА 50С82 приложение

Страница 24

Advertising
background image

24

KAZ

Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является

бағдарламалары таңдалынған уақытта 1 бөлімшеге салынады және
ағарту тікелей негізгі жуудан кейін орындалады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ағартқышты пайдалану кезінде алдын-

ала жуу қосымша функциясын көрсетуге жол берілмейді.

6.2.10 Жуу сапасын жақсарту және кермектілік деңгейі II неме-

се III суда жуу кезінде машинаны әкті шөгінділерден қорғау үшін 2
бөлімшедегі СЖҚ өндірушінің ұсыныстарына сәйкес көлемде су
жұмсартқышты қосу ұсынылады.

Су кермектілігі деңгейі 2 кесте бойынша анықталады. Судың

кермектілігі туралы ақпаратты сумен қамтудың жергілікті кәсіпорнынан
білуге болады.

6.3 ТОҚЫМА БҰЙЫМДАРЫНА КҮТІМ ЖАСАУ БОЙЫНША

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМВОЛДАР

6.3.1 Жуу бағдарламасын және температурасын таңдау кезінде

жуу үрдісінде заттардың кішірейіп және оңуының алдын алу үшін
затбелгідегі бұйымдарға күтім жасау бойынша символдармен таны-
суды ұсынамыз.

Жуу шарттарының негізгі символдары:

— жуу,

— нәзік жуу;

— жуудың максималды температурасы 95

0

С;

— жуудың максималды температурасы 60

0

С;

— жуудың максималды температурасы 40

0

С;

— жуудың максималды температурасы 30

0

С;

— қолмен жуу.

Затбелгісінде

символы көрсетілген бұйымдарды жумаған жөн.

7 М А Ш И Н А Ғ А К Ү Т І М Ж А С А У

7.1 МАШИНАНЫ ТАЗАЛАУ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тазалау алдында машинаны электр

желіден ажыратыңыз және суды жіберу кранын жабыңыз.

7.1.1 Машинаны тазалауды үнемі орындап отыру қажет.

Машинаның сыртқы бөлшектерін, пластмасса мен резинадан жасалған
бөлшектерін тек қана ылғал жұмсақ матамен сүрткен жөн.

Əрбір жуудан кейін 1 суретпен сәйкес контур бойынша

нығыздағышты құрғақ жұмсақ матамен сүрту ұсынылады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Есік нығыздағышында жиналған бөтен

заттарды мұқият тазартыңыз.

Машинаны тазалау үшін химиялық заттар, абразивті құрамдар,

спирт, бензин және басқа де еріткіштерді пайдалануға

ТЫЙЫМ

САЛЫНАДЫ.

7.1.2 Жуғыш құралдарға арналған тартпаны оны алдын-ала ма-

шинадан шығара отырып, үнемі жуып отыру қажет:

— оны өзіңе қарай тірелгенге дейін шығару;
— 17 суретімен сәйкес бөлімшесінің бүйір беттерінен не-

месе 18 суретпен сәйкес 1 бөлімшенің бүйір беттерінен ұстап,

қалпақшаның немесе клавишаның дөңес жеріне тіл бағытында
аздап басу және өзіңе қарай тарту.

Тартпадан қалпақшаны, пердешені (қажет болған жағдайда)

шығару және сыртқы және ішкі беттерін жылы су ағынымен мұқият
жуу. Тартпаны 19 суретпен сәйкес жуу. Алмалы-салмалы бөлшектерді
тартпа бөлімшесіне қою, тартпаны машинаға орнату және оны
ақырын жабу.

7.1.3 Машинаға киіммен бірге тоттанатын заттар түскен жағдайда

барабанда тот дақтары пайда болуы мүмкін, оларды тоттанбайтын бо-
латтан жасалған заттарды тазартуға арналған құралдармен жою қажет.

7.2 СУ ЖІБЕРУ СҮЗГІЛЕРІН ТАЗАРТУ

7.2.1 Құю шлангіндегі сүзгі 6 немесе 7 суреттермен сәйкес, со-

нымен қатар, 20 суретпен сәйкес электроклапанның бұрандалы
келтеқұбырындағы сүзгі сумен бірге машинаға механикалық
қоспалардың (құм, металл жаңқасы және т.с.с.) түсуінің алдын алу
үшін орнатылған. Сүзгілерді тазартуды жылына кем дегенде 1 рет
орындау ұсынылады.

7.2.2 Сүзгілерді тазарту үшін қажет:

— гайканы сағат тіліне қарсы бұрай отырып, 6 немесе 7 сурет-

термен сәйкес суды жіберу кранынан құю шлангін ажырату;

— гайканы сағат тіліне қарсы бұрай отырып, 8 суретпен сәйкес

машина электроклапанының бұрандалы келтеқұбырынан құю шлангін
ажырату;

— 20 суретпен сәйкес тістеуік немесе кішкентай қысқыш

көмегімен электроклапанның бұрандалы келтеқұбырынан сүзгіні
шығару;

— сүзгілерден қоқыстарды жою, щөткемен тазарту және алмалы-

салмалы сүзгілерді су ағынымен жуу.

Сүзгілерді тазартудан кейін құю шлангіне және электроклапанның

бұрандалы келтеқұбырына кері бірізділікпен орнату. Құю шлангін қосу
және қосылыстардың герметикалылығын тексеру — қосылыстар
орындары машина жұмыс істеген уақытта құрғақ болулары тиіс.

7.3 СОРҒЫ СҮЗГІСІН ТАЗАРТУ

7.3.1 Сорғы сүзгісі киім жуу кезінде төгу сорғысына түктің,

жіптердің, ұсақ заттардың (түйме, қыстырғыштар, монеталар және
т.с.с.) түсуіне кедергі келтіреді. Сорғының зақымдануының алдын
алу үшін жарты жылда бір рет сүзгіні қоқыстардан тазартып отыру
ұсынылады, түгі ұзын бұйымдарды жуу кезінде — әрбір жуудан кейін.

7.3.2 Тазарту алдында сорғыда қалған суды төгу қажет. Бұл үшін

сүзгі қақпағын ашу (конструкциясына тәуелді):

— 21 суретпен сәйкес бұрағыш, монетаны немесе басқа өткір

затты пайдалана отырып;

— 22 суретпен сәйкес клавишаны баса отырып.

19 сурет

20 сурет

сүзгі

электроқақпақша

17 сурет

18 сурет

сүзгі қақпағы

сүзгі қақпағы

21 сурет

22 сурет

2 кесте

Судың

кермектілігі

Судың

сипатта-

малары

0

dH-пен берілген

су кермектілігі

Литрге

миллимольмен

берілген су

кермектілігі

I

Жұмсақ

0 бастап 7 дейін

1,3 дейін

II

Орташа

кермектілік 7 бастап 14 дейін 1,3 бастап 2,5 дейін

III

Кермек

14 бастап 21 дейін 2,5 бастап 3,8 дейін

Advertising