Автоматты кір жуғыш машина – Инструкция по эксплуатации АТЛАНТ СМА 50С82 приложение

Страница 19

Advertising
background image

19

KAZ

Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является

Өндіруші ”АТЛАНТ” ЖАҚ

Победителей даңғылы, 61, 220035, Минск қ., Беларусь Республикасы;

www.atlant.by

АВТОМАТТЫ КІР ЖУҒЫШ МАШИНА

Құрметті сатып алушы!

Автоматты кір жуғыш машинаны сатып алу кезінде (бұдан әрі — машина) кепілдікті картаның дұрыс толтырылуын, оны сатқан ұйым

мөртабанының, және жыртылмалы талондардағы сатылым күнінің болуын тексеріңіз.

Жинақтылығын тексеріңіз және машинада көрінетін зақымданулардың жоқтығына көз жеткізіңіз.

Машинаны қосу және пайдаланғанға дейін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз, Сіз оны дұрыс және қауіпсіз пай-

далана аласыз. Машинаның күллі қызмет ету мерзімінде пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтаңыз.

Машина Украинаның Министрлер Кабинетінің 2008 ж. 3 желтақсаны күнгі № 1057 қаулысымен бекітілген, электр және электронды

жабдықта кейбір қауіпті заттардың пайдаланылуын шектеудің Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келеді. Регламенттелген зи-

янды заттардың пайыздық мөлшері Техникалық регламентпен анықталған нормативтерден аспайды.

“АТЛАНТ” ЖАҚ бұйымдарын әзірлеу және өндірудің сапа менеджменті жүйесі СТБ ISО 9001-2009 талаптарына сәйкес келеді және

№BY/112 05.01. 002 00014 нөмірімен БР Ұлттық сәйкестікті растау жүйесі Тізілімінде тіркелген

Пайдалану жөніндегі нұсқаулық машиналардың әр түрлі үлгілері

үшін әзірленген. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың қосымшасы
бар, онда машинаны басқару және оны пайдалану ерекшелігі тура-
лы ақпарат көрсетілген.

Машина үлгісіндегі соңғы сандар (шартты түрде «-ХХ» неме-

се «-ХХХ») кепілдікті картада және сүзгі қақпағының ішкі бетінде
орналасқан машина кестесінде көрсетілген орындау нөмірін білдіреді.
Үлгілердің орындаулары конструктивті шешімдермен ерекшеленеді.

1 Ж А Л П Ы М Ә Л І М Е Т Т Е Р

1.1 Машина 1 суретпен сәйкес тоқыма бұйымдарды, көпіршік

аз пайда болатын синтетикалық жуғыш құралдарды пайдалана от-
ырып спорттық аяқ киімді жуу, сонымен қатар, тұрмыстық жағдайда
шаю және сығу үшін арналған. Бұйымдарды өңдеу бойынша барлық
операциялар көрсетілген бағдарламамен сәйкес автоматты түрде
орындалады.

нығыздағыш

сүзгі қақпағы

тіреу

есік

тартпа

барабан

басқару панелі

корпус

1 сурет

құю шлангі (жиынтықта сүзгі

мен тығырықпен бірге)*

кронштейн

қалпақша (MAX

белгісі бар)*

қалпақша*

пердеше*

пердеше*

тығын

құю шлангі (қорғаныс

жүйесі бар)*

* Машина үлгісіне тәуелді жеткізілу жиынтығына кіреді.

2 сурет

Тереңдігі

Ені

Биіктігі

Корпус бойынша тереңдігі

1.2 Машина тек тұрмыстық жағдайда пайдалану үшін ғана

арналған. Машинаны өндірістік мақсаттарда пайдалану кезінде (мей-
рамханада, кафеде, кеңседе, балабақшада, санаторияда және т.с.с.)
кепілдікті міндеттемелер таратылмайды.

1.3 Машинаның негізгі бөлшектері мен жинақтаушылары 1 су-

ретте көрсетілген, габаритті өлшемдері — 2 суретте.

1.4 Жеткізу жинақтамасына: жинақтамалық бұйымдар, қосымшасы

бар пайдалану жөніндегі нұсқаулық, сервистік ұйымдардың тізімі,
кепілдемелік карта мен машинаның энергетикалық тиімділігінің эти-
кеткасы (бұдан әрі — этикетка) кіреді.

Машинаның техникалық сипаттамаларының мәндері этикетка-

да және кепілдемелік картаның кестесінде берілген. Сонымен қатар
кепілдемелік картаның жеке кестесінде жинақтамалықтардың көлемі
туралы ақпарат та берілген.

1.5 Машина жұмыс істеген уақытта су деңгейі есіктің шынысы

арқылы көзбен анықтала алмайды, себебі жуудың су мен электр
қуатын аз тұтына отырып, жуу сапасының максималды нәтижелеріне
қол жеткізуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы технологиялары
қолданылған.

1.6 Машинада электронды бақылау жүйесі қарастырылған, ол

жоғары діріл мен шуылдың алдын алу үшін әрбір сығу алдында
барабандағы киімнің біркелкі үлестірілуіне ықпал етеді.

1.7 Машинада (үлгіге тәуелді) құю шлангінде қорғаныс жүйесі

қарастырылған, ол шланг зақымданған жағдайда судың ағып кетуін
анықтайды — машинаға суқұбырынан суды жіберу тоқтатылады,
жуу тоқтайды.

1.8 Машина ішіндегі судың ағып кетуінен «Аквастоп» қосымша

қорғаныс жүйесі белгілеуінде «А» әрпі бар машина үлігісінде
қарастырылған. Қорғаныс жүйесі машина зақымданған уақытта
суқұбырдан суды жіберуді тоқтатады — жуу тоқтатылады, бактағы
су төгіледі және дисплейде ақаулық белгілері көрсетіледі.

Advertising