Жұмыс режимдері – Инструкция по эксплуатации haier 17UG58V-20B

Страница 58

Advertising
background image

22

Жұмыс режимдері

Автоматты бастау

(бастауды кідірту функциясы)

Егер ас әзірлеу режимі бірден емес, белгілі бір уақыттан

кейін қосылғанын қаласаңыз, онда бағдарлама

орындалуының өзіңізге қажетті кідірісін белгілеуіңізге

болады, сонда қысқатолқынды пеш ас әзірлеуді Сіз

белгілеген уақытта бастайды.
Белгілеу 2 кезеңнен тұрады:
1. Бағдарлама орындалуының кідірісін белгілеу;
2. Ас әзірлеу уақытын белгілеу.

Мысалы:

Қазір сағат 12:30, Сіз қысқатолқынды пештің асты 100Р

қуаттылықпен сағат 14:20-да автоматты түрде әзірлей

бастауын және дайындау уақытының ұзақтығы 9 минут 30

секунд болуын қалайсыз.
1. Ағымдағы уақытты белгілеңіз.

1.1. «Сағат/Белгілеу» түймешігін басыңыз.
1.2. Сағатты белгілеу үшін «Салмақ. Уақыт./

Автоматты дайындау» тұтқасын бұраңыз, сағат

индикаторы жыпылықтайды.

1.3. «Сағат/Белгілеу» түймешігін басыңыз.

1.4. Минуттарды белгілеу үшін «Салмақ. Уақыт./

Автоматты дайындау» тұтқасын бұраңыз.

1.5. «Сағат/Белгілеу» түймешігін басқан күйде

5 секунд бойы ұстап тұрыңыз.

2. Ас әзірлеу бағдарламасын және уақытын белгілеу

2.1. Қажетті қысқатолқынды қуаттылықты белгілеу

үшін «Қуаттылық» түймешігін басыңыз.

2.2. Ас әзірлеу уақытын белгілеу үшін «Салмақ.

Уақыт./Автоматты дайындау» тұтқасын бұраңыз.

2.3. Ағымдағы уақытқа оралу үшін «Сағат/Белгілеу»

түймешігін басқан күйде 3 секунд бойы ұстап

тұрыңыз, бұдан кейін қысқа дыбыстық сигнал

ойнайды.

3. Ас әзірлеу бағдарламасының іске қосылу уақытын

белгілеу үшін 1.2, 1.3, 1.4 пунктілерінде сипатталған

әрекеттердің барлығын бірінен кейін бірін орындаңыз.

Advertising