Жұмыс режимдері – Инструкция по эксплуатации haier 17UG58V-20B
Страница 50
Жұмыс режимдері
Автоматты еске салу
Дайындаудың Сіз таңдаған режимі аяқталғанда дисплейде
«End» деген жазу шығады және тағамды алу қажеттігін
еске салатын үш дыбыстық сигнал ойнайды. Егер
«Тоқтату / Болдырмау» түймешігін баспасаңыз, дыбыстық
сигналдар 3 минуттық интервалмен қайталана береді.
Қысқатолқынды қуаттылық мен ас әзірлеу
уақытын белгілеу
«Қысқатолқынды қуаттылықты таңдау» түймешігін басқан
сайын, экранға «100Р», «80Р», «60Р», «40Р», «20Р»
мәндері кезек-кезек шығып тұрады.
«100Р» — жоғары қуаттылық (қысқа толқындардың 100%
қуаттылығы). Бұл режим ет және көкөністі
жылдам әрі мұқият әзірлеуге жарайды.
«80Р» — орташа жоғары қуаттылық, (қысқа
толқындардың 80% қуаттылығы). Бұл режим
жұмыртқа, балық, ботқа, күріш сияқты
тағамдарды жылдам әзірлеуге жарайды.
«60Р» — орташа қуаттылық (қысқа толқындардың 60%
қуаттылығы). Бұл режим асты буға пісіргенге
жарайды.
«40Р» — орташа төмен қуаттылық, (қысқа
толқындардың 40% қуаттылығы). Бұл режим
өнімдерді жібіткенге жарайды.
«20Р» — төмен қуаттылық, (қысқа толқындардың 20%
қуаттылығы). Бұл режим асты жылытқанға
жарайды.