Пештің үсті - күнделікті пайдалану – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZCG562MW

Страница 9

Advertising
background image

шығуы ықтимал. Бұл қалыпты жағдай. Ауа
ағынының жеткілікті екенін тексеріңіз.

Пештің үсті - Күнделікті пайдалану

Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.

Оттықты тұтату

Назарыңызда болсын! Ас үйде ашық
отты пайдаланған кезде өте абай

болыңыз. Жалынды дұрыс пайдаланбау
салдарына өндіруші ешбір жауапты емес.

Оттықты əрқашан ыдысты қоймай
тұрып жағыңыз.

Оттықты жағу үшін:
1. Қажетті оттықтың тетігін шегіне дейін

басып, ең жоғары мəнге қойыңыз.
Тетікті басқан кезде тұтату генераторы
өздігінен қосылады.

2. Тетікті шамамен 10 секунд басып

ұстап тұрыңыз. Сонда термоэлемент
жылиды. Бұлай істемеген жағдайда газ
беріліміне кедергі келеді.

3. От бірқалыпты жанғаннан кейін, оның

жалынын реттеңіз.

Егер бірнеше əрекеттен кейін оттық
жанбаса, оның шілтері мен

қақпағының дұрыс тұрғанын тексеріңіз.

1

2
3
4

1

Оттық табақшасы

2

Оттық шілтері

3

От алдырғыш

4

Термореле

Назарыңызда болсын! Басқару
тетігін 15 секундтан артық басып

тұрмаңыз.
Егер оттық 15 секундтан кейін жанбаса,
басқару тетігін босатыңыз, оны өшірулі
қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1
минуттан кейін оттықты тағы бір рет жағып
көріңіз.

Өте маңызды! Электр қуаты болмаған
кезде оттықты электрлік құралсыз жағуға
болады; мұндай жағдайда оттыққа жанған
шырпыны жақындатып, тиісті түймешені
төмен басыңыз да, сағат тілінің бағытына
қарсы газды барынша шығаратын қалыпқа
бұраңыз.

Назарыңызда болсын! Ас бөлмеде
ашық отты пайдаланған кезде өте

абай болыңыз. Жалынды дұрыс
пайдаланбау жағдайлары үшін өндіруші
жауапкершілік көтермейді.

Егер оттық кездейсоқ сөніп қалса,
басқару тетігін сөндіру қалпына

бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан кейін
оттықты тағы бір рет жағып көріңіз.

Құрылғыны орнатып болғаннан кейін
немесе тоқ сөніп қалғаннан кейін от

тұтатқыш автоматты түрде іске қосылады,
бұл қалыпты жағдай.

Оттықты сөндіру
Отты сөндіру үшін тетікті үстіңгі қалыпқа
бұраңыз.

Назарыңызда болсын! Кəстрөлдерді
оттықтан алардан бұрын жалынды

азайтыңыз немесе сөндіріп қойыңыз.

9

www.zanussi.com

Advertising