Инструкция по эксплуатации Zanussi ZCG562MW

Страница 25

Advertising
background image

D) Сұйылтылған газға арналған түтік

ұстатқыш

E) Табиғи газға арналған түтік ұстатқыш

Құрылғыға əдепкі газ параметрлері
орнатылған, параметрді өзгерту үшін

тізімнен түтік ұстатқышты таңдаңыз.
Əрқашан тығыздағышты қолданыңыз.

Пешті газдың басқа түрлеріне лайықтау

Назарыңызда болсын! Пешті газдың
басқа түріне сай лайықтау жұмысын

тек өкілетті маманға ғана тапсырыңыз.

Бұл құрылғы табиғи газбен жұмыс
істеуге арналған.

Дұрыс инжекторлар қолданылса,
сұйылтылған газды да қолдануға болады.

Назарыңызда болсын!
Инжекторларды ауыстырмай тұрып,

газ тетіктерінің Off қалпында тұрғанына
жəне құрылғының тоқтан ағытылып
тұрғанына көз жеткізіңіз. Құрылғы əбден
суығанша күтіңіз. Жарақат алу қаупі бар.

Инжекторларды ауыстыру
1. Таба тағандарын алыңыз.
2. Оттықтың қақпақтары мен шілтерін

алыңыз.

3. 7-ші сомынкілттің көмегімен

инжекторларды алыңыз да, өзіңіз
қолданатын газ түріне арналған
инжекторлармен ауыстырыңыз.

4. Осы əрекеттерді кері тəртіпте орындау

арқылы бөлшектерді құрастырыңыз.

5. Техникалық ақпарат тақтайшасын

(газбен жабдықтау құбырының
қасында) жаңа газ түріне сай келетін
тақтайшаға ауыстырыңыз. Бұл
тақтайшаны құрылғымен бірге
жеткізілген қалтадан таба аласыз.

Егер газбен жабдықтау қысымы өзгермелі
немесе қажетті қысымнан басқаша болса,
газбен жабдықтау түтігіне қолданылатын
қысым өтпелігін орнату қажет.

Ең кіші деңгейді лайықтау
Оттықтардың ең төменгі деңгейін баптау
үшін:
1. Оттықты жағыңыз.
2. Тетікті ең кіші қалыпқа бұраңыз.
3. Басқару тетігін алыңыз.
4. Жіңішке бұрағыштың көмегімен

орағытпа бұранданы реттеп (A)
бұраңыз.

A

• Табиғи газды сұйылтылған газға

ауыстырсаңыз, реттегіш бұранданы
шегіне дейін қатайтыңыз.

• Егер сұйылтылған газды табиғи газға

ауыстырсаңыз, орағытпа бұранданы
шамамен айналымның 1/4 дейін
босатыңыз.

Назарыңызда болсын! Тетікті ең
үлкен қалпынан ең кіші қалпына дейін

жылдам бұраған кезде, жалынның өшіп
қалмайтынына көз жеткізіңіз.

Тұмшапештің инжекторын ауыстыру

25

www.zanussi.com

Advertising