Инструкция по эксплуатации Zanussi ZCG561G

Страница 20

Advertising
background image

– ол өткір жиектер мен бұрыштарға

жанаспаса;

– оның күйін тексеру үшін оны оңай қарап

шығу мүмкіндігі болса.

Иілгіш түтіктің жақсы сақталғанын бақылау
үшін төмендегілерді тексеру керек:
– екі ұшында жəне ұзына бойында

жарылған, кесілген жерлер, күйген
белгілері болмауын;

– материал қатқылданбаған, керісінше,

серпімділігі дұрыс болуын;

– бекіткіш қапсырмаларды тот

баспағанын;

– жарамдылық мерзімі өтіп кетпегенін.
Егер бір немесе бірнеше ақаулығы
байқалса, түтікті жөндеудің керегі жоқ,
ауыстыру керек.

Өте маңызды! Орнату аяқталғаннан кейін
əр түтік фиттингінің жақсылап бекітілгенін
тексеріңіз. От емес, сабын ерітіндісін
пайдаланыңыз!

Газбен жабдықтау бағыттауышы басқару
панелінің артында орналасқан.

Назарыңызда болсын! Газбен
жабдықтау жүйесіне қосар алдында

газбен жабдықтау клапанын жабыңыз.

1

2

3

4

5

1

Газ жүйесіне жалғанатын жер
(құрылғының тек бір жерін ғана газға
жалғауға болады)

2

Тығыздағыш

3

Реттемелі қосылым

4

Сұйылтылған газға арналған түтік
ұстатқыш

5

Табиғи газға арналған түтік ұстатқыш

Құрылғыға əдепкі газ параметрлері
орнатылған, параметрді өзгерту үшін

тізімнен түтік ұстатқышты таңдаңыз.
Əрқашан тығыздағышты қолданыңыз.

Құрылғыны газдың басқа түрлеріне
лайықтау

Назарыңызда болсын! Құрылғыны
газдың басқа түріне сай лайықтау

жұмысын тек уəкілетті маманға ғана
тапсырыңыз.

Бұл құрылғы сұйылтылған газбен
жұмыс істеуге арналған.

Дұрыс инжекторлар қолданылса, табиғи
газды да қолдануға болады.

Назарыңызда болсын!
Инжекторларды ауыстырмай тұрып,

газ тетіктерінің Off қалпында тұрғанына
жəне құрылғының тоқтан ағытылып
тұрғанына көз жеткізіңіз. Құрылғы əбден
суығанша күтіңіз. Жарақат алу қаупі бар.

Инжекторларды ауыстыру

Газ түрін ауыстырғанда инжекторларды
ауыстырыңыз.
1. Таба тағандарын алыңыз.
2. Оттықтың қақпақтары мен шілтерін

алыңыз.

3. 7-ші сомынкілттің көмегімен

инжекторларды алыңыз да, өзіңіз
қолданатын газ түріне арналған
инжекторлармен ауыстырыңыз.

4. Бөлшектерді құрастыру үшін жоғарыда

көрсетілген қадамдарды орындаңыз.

5. Атаулы мəндер затбелгісін (ол газ

келетін түтіктің жанында) жаңа газбен
жабдықтау түрінің затбелгісімен
ауыстырыңыз. Бұл затбелгіні сіз
құрылғымен бірге жеткізілген
қапшықтан таба аласыз.

Егер газбен жабдықтау қысымы өзгермелі
немесе қажетті қысымнан басқаша болса,
газбен жабдықтау түтігіне қолданылатын
қысым өтпелігін орнату қажет.

Ең кіші деңгейді лайықтау

Оттықтардың ең төменгі деңгейін баптау
үшін:
1. Оттықты жағыңыз.

20

Advertising