Не істерсіңіз, егер – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZCG561G

Страница 17

Advertising
background image

Не істерсіңіз, егер...

Ақаулық

Ықтимал себебі

Жөндеу

Газды жаққан кезде ұшқын
шықпайды

Электр қуаты жоқ

Құрылғының жалғанғанын
жəне электр қуатының іске
қосылғанын тексеріңіз.

Газды жаққан кезде ұшқын
шықпайды

Электр қуаты жоқ

Үйдегі электр жабдығының
сақтандырғышын
тексеріңіз.

Газды жаққан кезде ұшқын
шықпайды

Оттықтың қақпағы мен
шілтері қисық салынған

Оттықтың қақпағы мен
шілтері дұрыс қойылғанына
көз жеткізіңіз.

Тұтатқан бетте жалын
дереу сөніп қалады

Қыздырғыш элемент
жеткілікті қызбайды

От жанғаннан кейін тетікті
шамамен 5 секунд басып
ұстап тұрыңыз.

Газ шеңбері біркелкі
жанбайды

Оттықтың шілтерін тағам
қалдығы бітеп тастаған

Инжектордың бітеліп
қалмағанын жəне оттықтың
шілтерінің тағам
қалдығынан бос екенін
тексеріңіз.

Құрылғы жұмыс істемей тұр Сақтандырғыш блогындағы

сақтандырғыш босап
кеткен

Сақтандырғышты
тексеріңіз. Сақтандырғыш
бірнеше рет ағытылып
қалса, білікті электрші
маманға хабарласыңыз.

Тұмшапеш қызбай тұр

Тұмшапеш тоққа
қосылмаған

Тұмшапешті тоққа қосыңыз

Тұмшапеш қызбай тұр

Қажетті параметрлер
орнатылмаған

Параметрлерді
қадағалаңыз

Тұмшапештің шамы жанбай
тұр

Тұмшапештің шамында
ақау бар

Тұмшапештің шамын
ауыстырыңыз

Бу мен конденсат тағамның
үстіне жəне тұмшапештің
ішіне жиналады

Тағам тұмшапеш ішінде
ұзақ уақыт қалып қойған

Тағамды пісіріп болғаннан
кейін тұмшапеш ішінде
15-20 минуттан артық
қалдырмаңыз

Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына қажетті
ақпарат техникалық ақпарат

тақтайшасында көрсетілген. Техникалық
ақпарат тақтайшасы пеш корпусының
алдыңғы жақтауында орналасқан.

Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:

17

Advertising