Параметрлер» мәзірінің функциялары – Инструкция по эксплуатации Samsung BD-F6500
Страница 159
04
Параметрлер
«параметрлер» мәзірінің функциялары
Көрсету
3D Баптаулары
3D мазмұны бар Blu-ray дискісі 3D режимінде ойнатылатынын
немесе ойнатылмайтынын таңдаңыз.
• 3D режимінде «Басты» немесе «Бағдарламалар» басты экранына
жылжысаңыз, ойнатқыш автоматты түрде 2D режиміне ауысады.
ТД кадр пішімі
Ойнатқыштың шығысын теледидардың экран өлшеміне және
экран пішіміне сәйкес келтіріп реттеуге мүмкіндік береді.
BD Wise
BD Wise – Samsung компаниясының ең соңғы дерек
алмасу мүмкіндігі. Samsung ойнатқышы мен BD Wise
мүмкіндігі бар Samsung теледидарын HDMI кабелі
арқылы бір-біріне жалғап, BD Wise мүмкіндігі екеуінде
де қосылып тұрғанда, ойнатқыш бейне сигналын Blu-
ray/DVD дискілерінің бейне ажыратымдылығымен
және кадр жиілігімен шығарады.
Ажыратымдылық
HDMI бейне сигналының шығыс ажыратылымдығын
BD Wise, Авто, 1080p, 1080i, 720p немесе 576p/480p
режимдеріне орнатыңыз.
Сан бір кадрдағы бейненің жолақтар санын білдіреді.
«i» және «p» әріптері тиісінше жолақ аралық және
прогрессивті сканерлеуді білдіреді. Негізінен, жолақтар
неғұрлым көп болса, сапа соғұрлым жоғары болады.
Бейнекадр (24Fs)
Ойнатқыш 24Fs жиілігімен үйлесімді теледидарға
жалғанған болса, «Бейнекадр (24Fs)» мүмкіндігі «Авто»
күйіне орнатылғанда, жоғары кескін сапасы үшін
ойнатқыш HDMI шығысын автоматты түрде секундына
24 кадрге реттей алады.
• «Бейнекадр (24Fs)» мүмкіндігін тек осы кадр жиілігін
қолдайтын теледидарларда пайдалануға болады.
• «Бейнекадр» мүмкіндігін ойнатқыш HDMI 1080i
немесе 1080p шығыс ажыратымдылығы режимінде
болғанда ғана пайдалануға болады.
DVD 24Fs түрлендіру
DVD ойнатуын секундына 24 кадрға түрлендіреді және
HDMI арқылы шығарады. Бұл параметр тек Фильм кадры
(24Fs) Авто күйіне орнатылғанда қол жетімді болады.
Smart Hub бейнебет
өлшемі
Smart Hub экраны үшін оңтайлы өлшемді таңдауға
мүмкіндік береді.
HDMI түс пішімі
Жалғанған құрылғының (теледидар, монитор, т.б.)
мүмкіндіктеріне сәйкес келетін HDMI шығыс сигналы
үшін түс кеңістігінің пішімін орнатуға мүмкіндік береді.
Пішім таңдалғаннан кейін экран бір мезетке сөнеді.
HDMI қою түсі
Өнімді HDMI бейнесін қанық түспен шығаратындай орнатуға
мүмкіндік береді. Қанық түс мүмкіндігі түс қанықтығын
арттырып, түстерді дәлірек көрсетуге мүмкіндік береді.
Прогрессивті режим DVD дискілерін ойнатқанда, кескін сапасын
жақсартуға мүмкіндік береді.
Қазақша
21
|
[BD-F6500-RU]AK68-02348U-06KAZ-SEIN-.indd 21
2014-06-02 오후 6:26:02