Кірлер, Кірлерді сұрыптау, Күтім жапсырмалары – Инструкция по эксплуатации Hotpoint Ariston FTCF 87B 6H
Страница 62: Кептіру уақыттары
62
KZ
Кірлерді сұрыптау
• Киімдерді қауіпсіз түрде кептіргіште кептіруге
болатынын тексеру үшін əртүрлі киімдердің күтім
жапсырмаларындағы таңбаларды қараңыз.
• Кірлерді мата түріне қарай сұрыптаңыз.
• Қалталарды босатып, босап кеткен түймелерді тексеріңіз.
• Ілгектер мен ілмектерді жабыңыз жəне белдіктер мен
бауларды қатты мықтамай байлаңыз.
• Мүмкін болғанша көп суды шығару үшін киімдерді сығыңыз.
!
Кептіргішке суы тамып тұрған киімдерді салмаңыз.
Ең көп жүк өлшемдері
Барабанға шамадан тыс жүк салмаңыз.
Төмендегі мəндер құрғақ киімдердің салмағын білдіреді:
Табиғи талшықтар: ең көбі кг
Синтетикалық талшықтар: ең көбі кг
!
Кептіргішке тым көп жүк салмаңыз, себебі бұл кептіру
тиімділігін азайтуы мүмкін.
Күтім жапсырмалары
Күтім жапсырмаларын əрдайым тексеріңіз, əсіресе
киімдерді кептіргішке алғаш рет салған кезде. Төменде
ең жиі қолданылатын таңбалар берілген:
Кептіргіште кептіруге болады.
Кептіргіште кептіруге болмайды.
Кептіргіште кептіруге болады – жоғары қызу.
Кептіргіште кептіруге болады – төмен қызу.
Кептіру уақыттары
Кептіру уақыттары шамамен берілген жəне төмендегі
жағдайларға байланысты əртүрлі болуы мүмкін:
• Сығу циклынан кейін заттарда қалған су мөлшері:
орамалдар мен нəзік бұйымдар көп су ұстап қалады.
• Мата: бір матадан жасалған, бірақ текстурасы мен
қалыңдығы əртүрлі заттар əртүрлі уақытта кебуі мүмкін.
• Кірлердің мөлшері: бір зат жəне аз жүк кебу үшін ұзақ
уақытты қажет етуі мүмкін.
• Кептіру: заттар үтіктелетін болса, əлі де сəл дымқыл
болған кезде оларды кептіргіштен шығарып алуға
болады. Толығымен кептірілуі қажет заттарды
ұзағырақ кептіруге болады.
• Қызу параметрі.
• Бөлме температурасы: бөлме температурасы неғұрлым
төмен болса, кептіру үшін соғұрлым көбірек уақыт кетеді.
• Көлем: кейбір көлемді заттар кептіру үдерісі барысында
арнайы күтімді қажет етеді. Бұл заттарды кептіргіштен
шығарып алып, сілкіп, қайта салуды ұсынамыз: кептіру
циклы барысында мұны бірнеше рет қайталаңыз.
!
Заттарды тым кептіріп жібермеңіз.
Барлық талшықтарда біраз табиғи ылғалдылық болады,
ол заттарды жұмсақ əрі көлемді ұстауға көмектеседі.
Кірлер
8
3