Ақаулықтарды жою – Инструкция по эксплуатации Panasonic CS-W9
Страница 40
40
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ
Мына нышандар ақаулық бар дегенді білдірмейді.
Мына нышандар ақаулық бар дегенді білдірмейді.
БЕЛГІ
БЕЛГІ
СЕБЕБІ
СЕБЕБІ
Ішкі құрылғыдан тұман шығады.
► • Салқындату үрдісіне байланысты суға
айналу əсері.
Жұмыс істеп жатқан кезде су ағысының
дыбысы шығады.
► • Құрылғы ішіндегі салқындатқыш ағыны.
Бөлмеде оғаш иіс бар.
► • Бұл қабырғадан, кілемнен, жиһаздан немесе
киімнен шығатын ылғал иіске байланысты
болуы мүмкін.
Ішкі желдеткіш автоматты жылдамдық
параметрінде кейде тоқтап қалады.
► • Бұл айналадағы иістерді жоюға көмектеседі.
Қайта іске қосқаннан кейін жұмыс бірнеше
минут кідіреді.
► • Кідіріс құрылғының компрессорын қорғайды.
Сыртқы құрылғыдан су/бу шығады.
► • Түтіктерде суға айналу немесе булану орын
алады.
Таймер көрсеткіші үнемі қосулы.
► • Таймер параметрі орнатылған кезде күн
сайын қайталанады.
Қорек көрсеткіші жұмыс барысында
жыпылықтайды жəне ішкі желдеткіш
тоқтайды.
► • Құрылғы еріту күйінде жəне ерітілген мұз
сыртқы құрылғыдан шығарылады.
Ішкі желдеткіш қыздыру əрекеті кезінде кейде
тоқтап қалады.
► • Мақсатсыз салқындату əсерін болдырмау.
Жұмыс істеп жатқан кезде шытырлаған
дыбыс естіледі.
► • Температура өзгерістері құрылғының
кеңеюіне/сығылуына əкеледі.
Қызмет көрсету тобына хабарласпас бұрын мыналарды тексеріңіз.
Қызмет көрсету тобына хабарласпас бұрын мыналарды тексеріңіз.
БЕЛГІ
БЕЛГІ
ТЕКСЕРУ
ТЕКСЕРУ
Жылыту/салқындату əрекеті дұрыс істемейді.
► • Температураны дұрыс орнатыңыз.
• Барлық есіктер мен терезелерді жабыңыз.
• Сүзгілерді тазалаңыз немесе ауыстырыңыз.
• Ауа кірісі мен ауа шығысының
ұяшықтарындағы кедергілерді жойыңыз.
Жұмыс істеп жатқан кезде шу көп.
► • Құрылғының еңісте орнатылғанын
тексеріңіз.
• Алдыңғы тақтаны дұрыс жабыңыз.
Қашықтан басқару құралы істемейді.
(Экран көмескі немесе беру сигналы əлсіз).
► • Батареяларды дұрыс салыңыз.
• Əлсіз батареяларды ауыстырыңыз.
Құрылғы істемейді.
► • Ажыратқыштың тоқтағанын тексеріңіз.
• Таймерлердің орнатылғанын тексеріңіз.
Құрылғы қашықтан басқару құралынан сигнал
алмайды.
► • Қабылдағыштың кедергілері жоқтығын
тексеріңіз.
• Кейбір флюоресценттік жарықтар сигнал
бергішке кедергі келтіруі мүмкін. Рұқсатты
өкілге хабарласыңыз.