Керек-жарақтарды қолдану, 1 ішкі температура сенсоры – Инструкция по эксплуатации Electrolux EOA3334AAX

Страница 9

Advertising
background image

2.

Минут операторы бес секундтан кейін

автоматты түрде іске қосылады.

3.

Орнатылған уақыт аяқталған кезде

дыбыстық сигнал естіледі. Дыбыстық

сигналды тоқтату үшін түймешікті

басыңыз.

7. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ

Назарыңызда болсын!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

7.1 Ішкі температура сенсоры

Ішкі температура сенсоры еттің ішкі

температурасын өлшейді.
Екі түрлі температураны орнату керек:
• Тұмшапештің температурасы. Қуыру

кестесіне қараңыз.

• Ішкі температура. Ішкі температура

сенсорының кестесіне қараңыз.

Құрылғымен бірге жеткізілген ішкі

температура сенсорын ғана немесе

фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана

қолданыңыз.

Назарыңызда болсын!

Ішкі температура сенсорының ұшы

мен ашасын алған кезде абай

болыңыз. Ішкі температура сенсоры

ыстық. Күйіп қалу қатері бар.

1.

Ішкі температура сенсорының ұшын

(сабында белгісі бар) еттің ортасына

шаншыңыз.

2.

Ішкі температура сенсорының ашасын,

құрылғының алдындағы розеткаға

сұғыңыз. Бейнебетте ішкі температура

сенсорының белгісі жыпылықтайды.

3.

Ішкі температураны орнату үшін + немесе

— түймешігін басыңыз. Температураны

30 °C пен 99 °C градус аралығында

орнатуға болады.

4.

Тұмшапештің функциясы мен

температурасын орнатыңыз.

5.

Тағам пісіру барысында ішкі температура

сенсорының етке салынып және

розеткаға қосылып тұрғанына көз

жеткізіңіз.

6.

Еттің температурасы орнатылған ішкі

температураға жеткенде, дыбыстық

сигнал естіледі. Сигналды тоқтату үшін

түймешікті басыңыз.

7.

Құрылғыны сөндіріңіз.

8.

Ішкі температура сенсорының ашасын

розеткадан суырыңыз. Етті құрылғыдан

алыңыз.

Ет сіз қалағандай жақсы піспесе, жоғарыдағы

қадамдарды қайта орындап, ішкі

температураның жоғарырақ мәнін таңдаңыз.

ҚАЗАҚ

9

Advertising