Инструкция по эксплуатации haier L39Z10A
Страница 40
38
Кепілді қызмет көрсетудің шарттары
және бұйым иесіне арналған ақпарат
Хайер Групп Ко. Лтд-ның ТМД аумағында сату үшін ұсынған
барлық өнімдері пайдалану жағдайларын ескере отырып
шығарылған және Мемлекеттік стандарттарға сай қажетті
сертификациялаудан өтті. Бұған көз жеткізу үшін, осы
бұйымның сертификацияланғанын растайтын сәйкестік
ресми белгісінің болуын тексеруіңізді сұраймыз.
Түсінбестік жағдайлардан аулақ болу үшін, сатып алу
кезінде пайдалану жөніндегі нұсқаулықты, кепілдік
міндеттемелер шарттарын мұқият оқып шығуыңызды және
кепілдік талонының дұрыс толтырылуын тексеруіңізді ерек-
ше өтінеміз. Бұған қоса, сіз сатып алған бұйымның сериялық
номері мен моделінің атауы кепілдік талонындағы жазу-
мен сәйкес келуі тиіс. Қандай да бір өзгертулер, түзетулер
енгізуге болмайды. Кепілдік талоны қате толтырылған неме-
се толық толтырылмаған жағдайда бірден сатушы ұйымға
хабарласыңыз.
Дайындаушы кепілдік міндеттемелерді тауарды тұтынушыға
берген күннен белгілейді және 12 ай ішінде қамтамасыз
етеді.
Кепілді қызмет көрсетудің егжей-тегжейлі ақпараты,
авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарының бай-
ланыс телефондары мен мекенжайлары дүкеннен бұйымды
сатып алу кезінде толтырылатын кепілдік талонында
көрсетілген.
«Хайер» корпорациясы тұрмыста қолдануға арналған
тұрмыстық техника бұйымының ресми қызмет ету мерзімін
белгілейді – бұйымның шығарылған күнінен бастап 7 жыл.
Өнімнің жоғары сапалылығын, сенімділігі мен қауіпсіздік
дәрежесін ескеретін болсақ, пайдаланудың нақты мерзімі
ресми мерзімінен анағұрлым артық болуы мүмкін. Бұйымның
қызмет ету мерзімі біткеннен соң профилактикалық жұмыстар
жүргізу және бұйымды одан ары пайдалану жөнінде кеңес
алу үшін «Хайер» корпорациясының Авторизацияланған
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.